Университет • 01 Мамыр, 2024

Гонконг CityU филиалы ашылды

79 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жоғары білім мен ғылы­ми-зерттеулердің сапасын арттыру мақса­тын­да Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық тех­никалық зерттеу уни­вер­ситетінде CityU Гон­конг университетінің фи­лиалын ашу туралы ын­тымақтастыққа жыл басында қол қойылған еді.

Гонконг CityU филиалы ашылды

Университет басшылығы жақында Гонконгқа барып инс­ти­туционалдық серіктестікті ны­­ғай­ту үшін академиялық ұт­қыр­лық негізінде студент алмасу, бакалавр, магистр және PhD даярлауға қатыс­ты мемо­ран­дум­ға қол қойып қайтты. Нәти­жесін­де, инженерлік білім беру мен ғылымды дамыту, жаңа тех­но­­ло­гиялар ғылыми-зерт­теу орта­­лы­­ғын құру, Сәтбаев универ­сите­­ті­нің студенттеріне арналған квота­­лар, іріктеу шарттарының бары­­сына қатысты мәміле жасалды.

Әлемдік университеттердің QS рейтингі бойынша 70-орында тұрған CityU университеті – елімізде биыл өз өкілдігін ашуды жоспарлап отырған алғашқы Гонконг университеті. CityU университеті филиалының ашылуы Қазақстан студенттері үшін жаңа көкжиектер ашып, білім алу тәжірибесін байытуға және елімізде жасанды интеллекті қолданудың ауқымын кеңейтуге мүмкіндіктер ашатыны анық.

Гонконгтағы кездесуде CityU басқармасы төрағасы Лестер Хуан «Қазақстандағы ең көне техникалық университетпен ынтымақтастығымыз, яғни CityU және Сәтбаев университеттері ара­сындағы келісім білімді, білік­ті жастарды даярлаудың зама­науи мүмкіндіктеріне жол ашып, ғылым мен білім берудің шека­расын мұнан да кеңейте түсе­ді» деп атап өтсе, CityU HK президенті, профессор Фредди Бойдың айтуынша, бұл ынтымақтастық аясында сту­денттер, магистранттар мен докто­ранттар бірлесіп жасаған жұ­мыс­тарымен ғана емес, мәдени салада да білім алмасатын болады.

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры Мейрам Бегентаев өз сөзінде атап өткендей, Политехтің дамуында осы сәттен басталған жаңа кезең – әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен серік­тестік келісімі инженерлік технологиялар саласындағы білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына ықпал етеді.

– Екі университет арасын­дағы ынтымақтастық аясында материал­тану және жасанды интеллект бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жа­­сау жос­парланып отыр. Сондай-ақ Сәт­баев университетінің ғалымда­ры CityU-дің келесі жылы іске қо­сылатын жаңа ғылыми бағ­дар­ламаларына қатысу мүмкін­дігі қарастырылуда. Еңбек нарығының қазіргі жағдайына бейімделген жоғары білімді мамандарды қысқа мерзім ішінде даярлау жүйесі ғылым мен инновацияны дамыту арқылы жоғары нәтижеге жетуге болатынын CityU университетімен келісімдердің болашағынан көреміз, – деді ректор.

Satbayev университетінің зертхана жетекшісі Сейітхан Азатұлының айтуынша, студенттер 2 диплом алып шыға алады. Еліміз студенттері CityU зертханаларын тегін пай­да­лана отырып, зерттеу жұмыс­тарын жүргізуге, әлемдік деңгей­дегі ғалымдармен бірге дис­сер­тациялық жұмыстарын жазуға, сондай ақ кадр алмасуға мүм­кіндік береді.

Биыл Сәтбаев университеті­нің 200-ге жуық студенті мен оқыту­шылары CityU-мен қатар әлем­нің жетекші университеттерін­де білім алып, жұмыс істейді. Уни­верситет бүгінде Пен­силь­­вания мемлекеттік, АҚШ, Сонгюнгван университеті, Оңтүс­тік Корея, Глазго универси­теті, Ұлы­бри­тания, сондай-ақ көр­ші­лес шетелдердің жетекші жоға­ры оқу орындарымен ынты­мақтас­тықты нығайтып отыр.

 

АЛМАТЫ