Соңғы жаңалықтар
Қоғам • Бүгін, 18:15
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Абзал Құспан биылғы су тасқынының алдын алмағаны үшін жауапты шенеуніктер неге жазаланбағанын білмекке Бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 18:05
Ханзада Уильям қатерлі ісікке шалдыққан әйелінің жағдайы туралы айтты
Осы жылдың наурыз айында Кейт Миддлтон қатерлі ісікпен күресіп жатқаны белгілі болды. Сол сәттен бастап корольдік отбасы ханшайымның жағдайы туралы пікір білдірмейтін болды. Ханзада Уильям үнсіздікті бұзып, жұбайының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 17:47
Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • Бүгін, 17:36
Сайрамдық оқушылар әскери бөлімде болды
Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің қырыққа жуық 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • Бүгін, 17:30
Балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті
Бүгін сағат 13:30 шамасында Жалал-Абад облысының Созақ ауданында балмұздақ тиелген шағын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 17:00
Қайрат Боранбаевтың бұрынғы қонақ үйі шамамен 4 млрд теңгеге сатылды
Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Бүгін, 16:35
Каспий теңізіне 1 млрд текше метрге жуық қарғын су жіберілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізіне 1 млрд текше метрге жуық су жіберді. Тасқын су Бақсай, Нарын, Черная речка және Соколок арналары арқылы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • Бүгін, 16:30
«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 16:13
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • Бүгін, 16:03
«Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 15:34
Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы қалай бақыланады?
Бүгін Үкіметте әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көкөніс бағасын реттеу мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:10
Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Әлем • Бүгін, 14:41
«14 жастағы баланы өлтіріп, полицейді жаралаған»: Семсер ұстаған қылмыскер ұсталды
Сейсенбі күні, таңертең самурай семсерімен қаруланған ер адам Лондон көшелерінің біріне шығып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған. Ер адам 14 жастағы баланы өлтіріп, бірнеше адамды, соның ішінде полиция қызметкерлерін де жаралаған, деп хабарлайды Egemen.kz Astana TV сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • Бүгін, 14:22
Отандық сақтандыру нарығындағы ЖИ: қандай өзгеріс болуы мүмкін?
Қазіргі таңда отандық сақтандырушылар жасанды интеллектіні (ЖИ) бизнес-процестерге белсенді түрде енгізіп отырғаны аян. Ал бұл еліміздің сақтандыру жүйесіне қандай төңкерісті өзгерістер әкелуі мүмкін және бұл клиенттерге қаншалықты тиімді, әділетті болмақ? ЖИ сақтандыру нарығының жұмысын қаншалықты жеңілдетеді? Осы тұста «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Оқиға • Бүгін, 13:31
Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті қамауға алынды
Атыраулық 20 жастағы жігіт жедел жәрдем фельдшерін ұрған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қазақстан • Бүгін, 13:05
ТШО Теңіздегі айтулы оқиға – ҰЕҚБЖ жобасын іске қосты
Соңғы күндері еліміздегі елеулі өндірістік жаңалықтың бірі – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірінші өлшеу станциясын төмен қысымға ауыстыру арқылы тиісті қысымды көтеру жүйесін (ҚКЖ) пайдалануға бере отырып, Теңіз мұнай кен орнында Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару (ҰЕҚБЖ) жобасының нысандарын қауіпсіз түрде эксплуатациялауды бастады.
Президент • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Қаржы министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады. Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Вице-министр сауда орталықтарындағы Wi-Fi сапасын сынады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елдегі интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 12:18
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын – ардагерлерді де қолдауға арналған.
Қаржы • Бүгін, 12:00
«Ұлттық қор - балаларға». Halyk қосымшасы арқылы бағдарлама қаражатын қалай көбейтуге болады?
2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан азаматты болып табылатын әр бала жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алады. 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған ақшаны баспана сатып алуға және оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға транзиттеледі
Сенат Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауды реттейтін үкіметаралық келісім туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 11:28
Су тасқыны: 43 мыңнан астам адам үйіне оралды
Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 70 үйдің суы сорылып, 202 мың құмқапшық төселді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:16
«Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған». Тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • Бүгін, 11:13
Димаш Құдайберген 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сұхбат берді
Танымал әнші Димаш Құдайберген түрік басылымына шағын сұхбат бергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • Бүгін, 10:55
Сенаттың жаңа депутаты ант берді
Сенаттың жаңа депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 10:38
«Алматы-Екатеринбор» тас жолында үш адам көз жұмды
Оқиға 30 сәуірде Ақмола облысы аумағындағы «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1201 шақырымында Вкусный және Қараменді батыр ауылдарының аралығында болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хоккей • Бүгін, 10:22
Астанада Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді
Бүгін Астана қаласында шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирі басталады. Халықаралық турнир 2-4 мамыр аралығында өтеді. Ел хоккейшілері 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь ойыншыларымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Бүгін, 10:13
Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды
Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды. Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 09:53
Гүлмира Сатыбалдының ісі сотқа жіберілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 09:50
Ақмола облысында өрт шығып, бір адам көз жұмды
1 мамырдан 2 мамырға қараған түні Ақмола облысындағы жеке үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.