Президент • 02 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық «Барыс» клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді. Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады.

Өз кезегінде Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open 2024» халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің өкілдері едәуір табысқа жеткеніне назар аударып, мұндай жетістік спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.

АқордаАқорда