Білім • 14 Мамыр, 2024

Павлодарлық оқушылар республикалық олимпиадада жеңіске жетті

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында 2024 жылғы 12-14 мамырда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарлық оқушылар республикалық олимпиадада жеңіске жетті

Оқушылардың білімін тереңдету және жетілдеру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай Қазақстанның әр өңірінен 160 оқушы қатысқан.

Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 8 оқушысы қатысты, оның ішінде 5 оқушы жеңімпазбен жүлдегер атанды.

215

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен  Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Кунязова Дана (мұғалімі Хайсина К.К.) және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан (мұғалімі  Окпина Б.М.) марапатталды. II дәрежелі дипломына «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Жомартова Дина (мұғалімі Сырттанова А.Т.) және Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Каиржанова Аида (мұғалімі Есенгожина А.Е.) ие болды. IIІ дәрежелі дипломды Павлодар қаласы,  Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым (мұғалімі Асылбекова А.М.) алды. Ерекше жетістігі  үшін Павлодар қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис Қазақстан республикасының Оқу-ағарту министірлігінің грамотасымен марапатталды.

Қанипа Бітібаеваның түлектерінің атынан Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Кунязова Данаға бағалы сыйлық (ноутбук) табысталды.