Таным • 17 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Адам аяғы баспаған

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Венесуэланың оңтүстік-шығыс бөлігінде біздің ғаламшардың ең таңғажайып мекені бар.

Ғалам ғажаптары: Адам аяғы баспаған

Саванналар мен джунглилермен қоршалған, ерекше фауна мен флорасы бар оқшауланған аймақ адамдардың көзінен сенімді түрде жасырылған. Бұл құпия мекен «Тепуи» деген атпен белгілі. Гран-сабан аймағында тұратын пемон үндістерінің тілінде «құдайлар үйі» дегенді білдіреді. Тепуилер бір кездері Атлант теңізі жағалауынан Амазонка, Ориноко және Риу-Негру өзендерінің алабына дейін созылған алқапты үстірттің қалдығы. Көлдің орнында бұл үстірттер Оңтүстік Америка мен Африка әлі бір құрлық болып тұрған кездері, шамамен 200 млн жыл бұрын пайда болған.

 

Құстар биі

ап

Өмірінде бір рет болсын құстарға сүйсініп қарамаған адам жоқ шығар. Ал 1000 құстың қосыла ән шырқап, билей жөнелетін құбылысын білесіз бе?

Ол «мурмурация» деп аталады. Өте сирек кездесетін және сырлы құбылыс. Онда мыңдаған қараторғай топтасып, ұшып бара жатқанда көркем би билейді, шоу көрсетеді. Бір қызығы, сағатына 40 километр жылдамдықпен ұшып бара жатқан құстар, бір-бірімен соқтығыспай, бір-бірінен қалып қоймай, үйлесімді түрде бір мезетте тұтас бағыттарын өзгерте алады.

 

Робот ит

пр

Қытайлық инженерлер мүгедек­терге арналған робот ит жасап шығарды. Жоба жасанды интеллектіге негізделген. Ақылды құлтемір естиді, көреді тіпті сөйлей де алады.

Заманауи ит алғашқы рет Шанхай қаласында сынақтан өтті. Робот ит ерекше жандарға жол нұсқайды. Жоба авторлары әу баста осыны мақсат еткен. Сондықтан дизайннан гөрі навигация мен қауіпсіздікке басымдық берілген. Ол төңіректегі дыбыстарды естиді. Қожайынының тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Сондай-ақ айналасын көреді, сөйлей де алады. Тағы бір ерекшелігі төрт емес, алты аяғы бар. Секундына 1,6 метр жылдамдықпен қозғала алады.