Сараптама • 09 Сәуір, 2024
Инвесторды ауыстырғаннан не ұтамыз?
Соңғы кезде еліміздегі үш алпауыт мұнай-газ кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтың белгілі бір үлесін сатып алу үшін ресейлік инвесторлардың Батыс бұғаттап тастаған миллиардтаған долларды пайдалануы туралы сөз қозғала бастады. Бұл әрине, аса күмәнді әрі қауіпті ұсыныс, десе де мәселеге сәл тереңнен үңіліп көрейік.
Пікір • 19 Наурыз, 2024
Еліміз бірнеше бағыт арқылы мұнай тасымалдайды. Соның негізгісі және әлеуеттісі – Каспий құбыр консорциумы, яғни КТК. Экспортқа шығаратын мұнайымыздың 80 пайызы КТК-мен тасымалданады. 13-14 пайызы Атырау – Самара бағыты арқылы жіберіледі. Одан қалғаны Ақтау арқылы кетеді – Махачкалаға немесе Баку – Тбилиси – Жейхан (БТЖ) және Баку – Супса бағытымен. Одан артылған мұнай Қытай бағытына қарай жөнелтіледі. Былтыр біз БТЖ құбыры арқылы 1 млн 200 мың тонна мұнай тиеп жібердік. Осы жылы бұл көрсеткішті 2 млн 200 мың тоннаға дейін көтеру жоспарланып отыр. Бастапқы мүмкіндік 1 млн 400 мың тонна болса, жалпы, 50 пайызға арттырды деп жатыр. Бұл дегеніміз 700 тонна қосылды дегенді білдіреді. Біз 70 млн тонна көлемінде мұнайды экспортқа шығаратын болсақ, соның тек неге 1,5 немесе 2 млн тоннасын ғана БТЖ арқылы жібереміз? Біріншіден, БТЖ ұзақ уақытты алады, екіншіден, қымбатқа түседі.