# Абай

Абай • Кеше

Абай кемелдігі – әлемнің олжасы

Бүгінде Абай десе – қазақ, қазақ десе – Абай еске түседі. Ұлы ақынды таныту мақсатында елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін де көп жұмыс атқарылды. Әлемнің әр түпкірінде ақын­ның атын алған көше­лер мен көптеген қала­ның көрікті жерінде ашыл­ған ескерткіштер де аз емес.

Абай • 30 Сәуір, 2024

Абайдың жаңа әні табылды

Абай әндері – қазақ музыка тарихында ерекше орын алатын ақынның жаңа бағытта жазған туындылары, баға жетпес мирас. Қазақ әндері мен күйлерін жетік білген данышпан ешкімге ұқсамайтын әуен тудырып, музыка тарихында өз қолтаңбасымен биіктен көрінген композитор. Халық әндерін тыңдап өскен кемеңгер Абай өз айналасындағы халықтан шыққан өнерпаздарды, қазақтың атақты әншілерін, күйшілерін көрген, тыңдаған. Ана сүтімен дарыған халық әуендеріне терең бойлап, оның артықшылығын түсіне тұра, ешкімге ұқсамайтын өз әндерін жарыққа шығарған. Орыс романстарын естіп, оны Еуропа мәдениетімен үйлестіре отырып шығарған композитордың жаңа әуені халықтың құлағына өте жағымды болды. Ғұлама ақын дала халқына жаңа әуен, жаңа ырғақ, жаңа ән әкелді.

Абай • 19 Сәуір, 2024

Абайдың музыкалық мұрасы

Абайдың музыкалық шығармалары абайтану нысанасының сүбелі бір бөлігін құрайды. Ерекше дарын иесі, ұлы ақын Абай – қазақ поэзиясын қаншалықты биік шыңға көтерсе, ұлттық музыка өнерінде де жаңаша соқпақ сала білді. Дәстүрлі халықтық музыкаға соны түр, жаңаша екпін, ерекше нақыш әкелді. Абайдың осы ән өнерін тереңірек түсіндіру мақсатында Назарбаев университетінің профессоры Жанар Әбдіғаппарова студенттерге «Хакім Абайдың музыкалық мұрасы» атты семинар-тренинг өткізді.

Абай • 21 Желтоқсан, 2023

Абайды дұрыс зерделейік

«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылы 4 желтоқсандағы бір бетті толтырған «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаласын Тұрсын Жұртбай мен Сұлтан Ыбырай былайша қорытындылайды: «Ендігі жерде абайтану ілімінің жаңа арнасы Фридрих Бенкеден өріс алатыны анық». Біздіңше, бұл – миллиондаған қазақ оқырманын Абай жолынан адастыру.

Абай • 30 Қазан, 2023

Хакімжан және Абай ескерткіші

Алматыға жолы түскен адамды алдымен шыңы аппақ қар жамылған Алатау мен соның етегіндегі көкжелекке көмілген қаладағы хакім атамыздың есімін иеленген даңғылда орнатылған Абай ескерткіші қарсы алады. Ақын ескерткіші қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған, биіктігі – 13, 7 м. Оны ұлттық мүсін өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев жасаған. Мүсінші өз туындысында ақынның өмір белесінен өтіп, ел ағасына айналған салиқалы кезін айшықты бедерлеген. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай атамыз сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Тас бейне демесеңіз, құдды ақынның өзін көргендей әсер аласыз.

Абай • 05 Қазан, 2023

Абай шығармалары – әзербайжан тілінде

Астанада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған, әзербайжан тіліндегі «Abay Azarbaycanda va dünyada» атты жинақтың тұсаукесерін өткізді.

Абай • 04 Қазан, 2023

Абай шығармалары әзербайжан тілінде жарық көрді

ҚР Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Abay Azarbaycanda va dünyada» атты әзербайжан тіліндегі жинақтың тұсаукесерін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Абай • 23 Тамыз, 2023

Абай мұрасы және ағылшын тілі

«Қазақ тілін үйренуге намыс керек, ағылшын тілін үйренуге әдіс керек» дейтін кейіпкеріміз – Ернат Қашқынов оқушыларға ағылшын тілін Абай арқылы үйретіп жүр. Алғашында еріксіз таңғалғанымыз рас. Абай күні қарсаңында шеберлік сағатына қатысып, ұстаз әдісіне қызыққанымыз сонша – орайын тауып, сұхбат құрып үлгердік.

Абай • 14 Тамыз, 2023

Абыздың тойы – елдіктің тойы

Павлодар облысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Баянауыл ауданында ұйымдастырылған алқалы жиынға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Ақпа­рат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет жә­не спорт министрі Асхат Ора­лов, облыс әкімі Асайын Байха­нов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті жұртшылық пен қонақтар қа­тысты.

Соңғы жаңалықтар

«Үлестің» үлгілі ісі

Аймақтар • Кеше

Фото