# Құқық

Құқық • 15 Мамыр, 2024

Судьяға сенім қайтсе артады?

«Әділеттілік жойылған кезде адамдардың өміріне құндылық бере алатын ештеңе қалмайды» деген екен әйгілі неміс философы Иммануил Кант. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасының һәм Әділетті Қазақстан құру идеясының мән-маңызы ерекше. Мемлекет басшысы ел билігін өз қолына алысымен, заң үстемдігін орнату мәселесіне, соның ішінде сот жүйесін реформалауға әрдайым баса назар аударып келеді.

Құқық • 15 Мамыр, 2024

Ақша бопсалап, үш жыл арқалады

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарын бопсалап келген әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол лауазымды тұлғадан 20 млн теңге ақша талап еткен.

Құқық • 14 Мамыр, 2024

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 126 кәсіпорны 9,7 мың жұмыскерге 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылу фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Құқық • 03 Мамыр, 2024

Қатаң жазаның құзыреті

Мемлекет басшысы отбасы институтын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды. Негізгі өзгерістердің бірі – бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған ұрып-соғу және отбасылық зорлық-зомбылық бұдан былай ауыр қылмысқа теңестірілмек. Бұл дегеніміз заңға қай­шы әрекеттерді жасаған адамдар қылмыстық жауап­кершілікке және қатаң жазаға тартылады.

Құқық • 03 Мамыр, 2024

Жұртшылық ұсынысы жерде қалмайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс», деген болатын.

Құқық • 01 Мамыр, 2024

Жаңа жол ережесі: нені білу керек?

Әрбір ел азаматының күн сайын үйі­нен шыққан сәтінен бастап алдынан кезігетін ең бірінші заң талабы – жол қозғалысы ережесін сақтау десек, қателесе қоймаспыз. Бұл әсіресе көшесі көлікке толған ірі елді мекендерге қатысты. Көлік демекші, кейінгі жыл­дары бұл салада өзгеріс көп. Жол қоз­ғалысының электрсамокат, мопед секілді жаңа қатысушылары пайда болды. Осыған орай жол қозғалысы ере­же­ле­ріне де өзгеріс енгізу күн тәртібінде тұр­ған мәселе еді.

Құқық • 27 Сәуір, 2024

Жақсы үлгіміз қандай болмақ?

«Біздің жаман үлгіміз жастар үшін жақсы болып көрініп жүрсе, бізге бұдан ауыр күнә болмауы керек». Бұл – қазақ әдебиетінің көр­некті суреткері, ел тарихының талайғы куәгері Ғабит Мүсірепов­тің қария жасында замандастарына, қаламдас бауырларына ар­наған сөзі.

Құқық • 24 Сәуір, 2024

Бапқа байыптылық керек

Елімізде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қа­тысты кейінгі жылдары қабылданған әкімшілік және құқық­тық жауапкершілік жәбірленушілер арыз жазбаса да іс қозғауға мүмкіндік береді. Полицияның түсіндіруінше, көрші үйдегі айқай-шу туралы хабарламаның өзі абьюзердің әрекетіне тосқауыл қойып, жуан жұдырыққа жаза арқалатуға негіз бола алады. Алайда құқыққа нөлдік төзімділік танытқысы келген куәгерлердің басын дауға қалдырған 438-бап отбасы-ошақ қасындағы қылмысты азайтуға септігін тигізе ала ма?

Құқық • 23 Сәуір, 2024

Жол ережесін бұзушылар азаймай тұр

Түнгі рейд. «Шардара – Арыс» тас жолының бойы. «Audi A4» маркілі автокөлігінің жүрісі суыт, жол белгілерін елер емес. Қарсы бағытқа шығып, өз жолына қайта түскен көлікті Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты. Жүргізуші – нәзік жан, бірақ тым батыл. Сөйтсе... рульде отырған әйел мас екен. «Тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін!» деген автоледи полицейлерге дөрекі мінез көрсете бастады.

Соңғы жаңалықтар

Айрықша опера кеші

Театр • Кеше

Таныс та бейтаныс...

Таным • Кеше

Фото