Оқиға • 26 Сәуір, 2024

«Тепкілеп, басынан ұрған»: Алматы тұрғыны әйелін соққыға жықты (видео)

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының тұрғыны далада әйелін тепкілеп, басынан қатты ұраған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тепкілеп, басынан ұрған»: Алматы тұрғыны әйелін соққыға жықты (видео)

фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бейнеге қатысушылардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі міндетті түрде жауапқа тартылады», деді департамент өкілдері.