Газет тарихы
«Қазақ газеттері» ЖШС
Бас директоры – Дихан Қамзабекұлы
«Егемен Қазақстан» газетінің қысқаша тарихы
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым – «Egemen Qazaqstan» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газеттің бір күндік тиражы - 80 мың, апталық тиражы - 400 мың, интернет нұсқасының күндік қаралымы - 40-50 мың, апталық қаралымы - 300 мың.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы бар.
17 облыста және Шымкент қаласында меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Газетте жалпы 90 адам жұмыспен қамтылған.
Газетті 1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған басшылар
Халел ЕСЕНБАЕВ (1892-1938) – (07.1919-02.1920)
Тәмимдар САФИЕВ (1892-?) – (02.1920-04.1920)
Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923) – (04.1920-10.1920)
Смағұл СӘДУАҚАСОВ (1900-1933) – (01.1921-02.1921) (01.1925-04.1926).
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ (1889-1931) – (02.1921-10.1921).
Мұхтар ӘУЕЗОВ (1897-1961) – (11.1921-12-1921)
Әбдірахман БАЙДІЛДИН (1891-1931) – (01.1922)
Бейімбет МАЙЛИН (1894-1939) – (1922)
Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1939) – (1922-04.1924)
Молдағали ЖОЛДЫБАЕВ (1887-1938) – (04.1924 – 12.1924)
Тұрар РЫСҚҰЛОВ (1894-1938) – (04.1926-06.1926)
Ораз ЖАНДОСОВ (1889-1938) – (06.1924-07.1926)
Ораз ИСАЕВ (1899-1938) – (07.1926-08.1926)
Ғаббас ТОҒЖАНОВ (1900-1937) — (08.1925 – 05.1932 )
Айтмұхамед МУСИН (1899-1938) — (06.1932-03.1934)
Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1984) – (03.1934-05.1936)
Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (1898-1938) — (06.1936-09.1936)
Жүсіпбек АРЫСТАНОВ (1904-1992) — (06.1937-06.1938)
Сақтаған БӘЙІШЕВ (1909-1982) – (09.1938 -12.1941)
Әмір ҚАНАПИН (1913-1998) – (01.1941-11.1942)
Балтабек АСАНОВ (1907-1979) — (1942-1949)
Қасым ШӘРІПОВ (1912-1984) — (03.1949-12.1951) (08.1955-09.1960)
Қабыл БЕКМҰРАТОВ (1914-1980) — (12.1951-1952)
Ғұмар АҚҚҰЛОВ (1912-1957) — (1952-1955)
Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995) — (1960-1969)
Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973) – (1969-1973)
Сапар БАЙЖАНОВ (1930-1999) – (11.1973-02.1983)
Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ (1929-1995) – (04.1983-01.1987)
Көрік ДҮЙСЕЕВ (1936) — (01.1987-11.1989)
Шерхан МҰРТАЗА (1932) – (11.1989-10.1992)
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ (1939) – (10.1992-01.1993)
Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947) — (10.1993-07.1996)
Уәлихан ҚАЛИЖАН (1948) — (07.1996-12.1998)
Ержұман СМАЙЫЛ (1948) – (12.1998-12.2000) (2003-2004)
Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951) – (2000-2003) (2004-04.2016)
Еркін ҚЫДЫР (1962) — (04.2016-07.2016)
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (1974) — (07.2016-09.2022)
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ (1966)—(09.2022)
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жүктелген міндеттерді шешу маңызды
Президент • Бүгін, 00:35
Жел, жаңбыр, бұршақ: 9 мамыр күні ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 00:28
Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Ұлттық спорт • Кеше
Алматы маңында жол апаты болып, үш адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында жаппай төбелес болды
Аймақтар • Кеше
Басты міндет - «Көрінбей көру, өлмей келу»
Әскер • Кеше
Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды
Аймақтар • Кеше
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Президент • Кеше
Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті
Теннис • Кеше
Елдің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Ауа райы • Кеше