Президент • 06 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Фото: Ақорда

Хабарламада: «Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі: «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», деп жазды.

Аталған Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.