# Қоғам

Қоғам • Кеше

Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзір бақыланбайды – Қаржы министрлігі

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен кездесуде 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

2024 жылдың 18 мамырында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін сотталды

Астанада 8 адам террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Бейбітшіліктен қашқан босқындар

Бізде шетел көргендердің бәрін жаппай көкжиегі кең, таным-түйсігі толысқандардың қатарына жатқызу бар. Жасыратыны жоқ, білімі мен біліктілігі бір саты жоғары болғанымен, шекара асып келмегені шетелдік дипломы бардың қасында бәсін төмендетіп тұрады. Білім қуғандарын былай қойғанда, моральдық және материалдық құндылық тайталасқа түскен бүгінгі қоғамда адамның қадір-қасиеті мен абырой-беделі шетел көрумен шектеліп қалған секілді. Туған жерден жырақта жүргендердің бәрі тұрмыстың тауқыметінен кетті деуге келмейді. Ал мұхит асуды мақсат еткендердің ертеңгі күні жарық болады деуге тағы ерте…

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Мақтымқұлы – түркі жұртына ортақ тұлға

Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабат қаласында осы елдің Ғылым академиясы Тіл, әдебиет және ұлттық қолжазба институты ұйымдастырған «Мақтымқұлы Пырағының даналық қазынасы» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысы басталады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Чайлдфри беталысы демографияға қауіп төндіре ме?

Заман көші ілгері жылжыған сайын қоғамдық құндылықтар ішінара өзгеріске ұшырайды. Бұл көп жағдайда заманауи адамдардың өмірлік көзқарасынан, ұстанымынан аңғарылады. Кейінгі толқынның ондай оғаш түсінігіне аға буын қанша кейігенімен, «тұқымың өскірден» асырып тіл тигізуден аулақ. Алайда тілек іспеттес осы «қарғыс» теріс мәнде айтылса да, селт ете қоймайтындар табылады. Өйткені бүгінгі таңда ұрпақ өрбітуді, бала тәрбиелеуді қаламайтын жастардың шоғыры пайда болып келеді. Осынау құбылыс әлемде «чайлдфри» деген терминмен сипатталады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Қолжетімді ортаға қадам

Өткен жылы Ертіс-Баян өңірінде мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 225 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны қайта бейімделген. Қоғамда қолжетімді орта құру міндеттері біртіндеп іске асып келеді.

Қоғам • 17 Мамыр, 2024

Керек дерек

Соңғы жаңалықтар
Фото