# Таным

Таным • 18 Мамыр, 2024

Түрікмен мәдени әлемінің биік құбылысы

Мақтымқұлы туралы қазақ әдебиет­тануында, әдеби байланыстар саласында аз жазылған жоқ. Мұрасы бүгінге дейін бірнеше дүркін жинақ болып шықты. Шайыр мұрасы Ресей мен Еуропаға Персиядағы орыс елшілігінде қызмет еткен поляк ақыны, шығыстанушы Александр Ходзько-Борейконың 1842 жылы Лондонда шыққан еңбегі арқылы жетті деген дерек бар. Бұдан кейін осы тұлғаны танытуды Илья Березин, Арминий Вамбери, Федор Бакулин (Иранға қарасты Астрабадта консул болған) жалғастырған. Дей тұр­ғанмен мақтымқұлытануда көрнек­ті шығыс­танушылар Александр Самойлович пен Евгений Бертельстің, түрікментанушы Александр Поцелуевскийдің (өлең өрімін зерттеген) еңбегі зор. Ал түрік­мен ғалымдарына келсек, ақынның акаде­миялық өмірбаяны мен мұрасын жүйелеу мен танымалдандыруда академик Баймұхамет Каррыев пен профессор Мяти Косаевтың зерттеуін айрықша атаймыз. Бұл ғалымдардың ізденістерін Абайды танытудағы Мұхтар Әуезовтің табандылығымен салыстыруға болады.

Таным • 18 Мамыр, 2024

Қазақы өлшем

Қиян шеттегі Бес­төбеге бет алғанбыз. Құ­далық жөнінен. Әу баста кежегем кейін тартып, барғым келмеген-ақ еді. Тым шалғай. Екі көлікпен жолға шықтық. Ақкөлдің тұсынан күре жолдан түсіп, дала жолымен жүрмекпіз. Айдау жол кеуіп қалыпты. Тап-таза. Биесауым уақыт жүрген соң жол шетінде көк бөтке кездесті. Әріректе бір отар қойын жайып қойшы жүр. Жол жөнін сұрап алайық дестік. Иен далада жалғыз өзі қой баққан қойшының іші пысқан болуы керек, әңгімелескісі келіп-ақ тұр. Ал біз болсақ «жол ақысы жүрсе бітеді» дегендей, аса көп кідіргіміз де келіп тұрған жоқ.

Таным • 17 Мамыр, 2024

Ең алғашқы Шаңсорғыш

Адамзат тарихындағы алғашқы шаңсорғышты адамдар жылқы­лардың көмегімен жылжытатын болған. Осыдан-ақ бұл құрылғының қандай алып екенін аңғара беріңіз.

Таным • 17 Мамыр, 2024

Мың сан өнер бар болса...

Сан түрлі тағдырлы адамдар­дың қарым-қабілеті де, қызы­ғу­шылығы да, өнерлілігі мен өнер­­­сіздігі де әртүрлі. Әсіресе шы­ғар­­машыл жандар өнерден бас­қа ештеңеде ісі жоқтай кө­рінеді. Десек те жазудың клас­сикалық үлгісін көрсеткен қа­ламгерлер де спорттан кенде емес екеніне әдебиетте мысал көп.

Таным • 17 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Адам аяғы баспаған

Венесуэланың оңтүстік-шығыс бөлігінде біздің ғаламшардың ең таңғажайып мекені бар.

Таным • 16 Мамыр, 2024

Қазақ есімдері: астарлы ақиқат

Есім – адамды атайтын тілдік құрал. Күнделікті өмірде оны жеке иесінен гөрі, сырттайғы адам көбірек қолданады. Психологиялық басымдыққа ие, сондықтан «жақсы есім – жан тынысы» десек қателік болмайды. Жақсы есімді айтқанда айтушы да, тыңдаушы (есім иесі) да сүйсінеді. «Жақсы» десе жан семіреді» демекші, тілде жақсы есімнің бар болуының өзі адамға сүйініш сыйлайды.

Таным • 16 Мамыр, 2024

Таныс та бейтаныс...

Өнердің өлшемі – талант. Екібастан. Дегенмен кейде көркем туындының сәтті шығуына таланттың тағдыры да әсер етіп жатады. Жалпы, өнердегі мұндай оқиғалар туралы мың сан мысал келтіруге болады. Мәселен, кез келген атақты суретшінің есімі оның шығармашылығымен ғана байланысты сияқты.

Таным • 16 Мамыр, 2024

Қазағы үшін қайғысын ұмытқан

1927 жылы Мәскеуде түсірілген бұл сурет қандай құнды болса, тарихы да сондай қасіретті. Әйгілі композитор Александр Затаевичтің шақыруымен алғашқы кәсіби қазақ театрын құрған қайраткердің бірі Жұмат Шанин бір топ өнерпазды Мәскеуге концерт беруге алып барады.

Таным • 15 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Сүт беретін ағаш

«Үш ұйықтасам да түсіме кірмеген» деп осындайда айтатын шығар. Өйткені ағаштың сүт бергенін бұрын-соңды көрмегенбіз. Бірақ Бразилияда сүт беретін ағаш бар екен.

Соңғы жаңалықтар
Фото