# Банк

Банк • 15 Мамыр, 2024

ЕДБ: Қарызын қайтара бастады

«Halyk Bank» мемлекет көмегінің 250 млрд теңгесін, «Jusan Bank» 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. «Halyk» 2023 жылы маусым мен желтоқсан айында депозиттің бір бөлігін – 68,4 млрд теңгені қайтарған. Енді банк мемлекеттік көмектің 181,6 млрд теңге сомасындағы қалдығын өтеді. 2023 жылғы шоғырланған қаржылық есебіне сәйкес, аталған банктің таза табысы 693,4 миллиард теңгеге шыққан. 2023 жылы банктің меншікті капиталы 2022 жылдың соңымен салыстырғанда 464,7 млрд теңгеге немесе 23,1%-ға ұлғайған.

Банк • 12 Сәуір, 2024

Базалық мөлшерлеме өзгерген жоқ

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,75%-да сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім инфляцияның 5%-дық мақсатты көрсеткішіне қол жеткізу үшін  қабылданды, деп жазады Egemen.kz.  

Банк • 04 Сәуір, 2024

Алаяқтардан сақ болыңыз. Ұлттық банк ел азаматтарына үндеу жасады

Ұлттық банк халыққа «сақтандыру жағдайларын» пайдаланатын алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк • 15 Наурыз, 2024

ЕДБ: Екінші инвестор қызығушылық танытты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы  Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен CFO саммитінде тағы бір шетелдік инвестордың отандық банкті сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Банк • 13 Наурыз, 2024

«Bereke Bank»-ке Қатар «құда түсіп» жатыр

«Bereke bank»-ті (бұрынғы «Сбербанк Қазақстан») сатуға дайындық жүріп жатқаны, сатып алушы Қатардағы «Lesha Bank» инвестициялық банкі екені ақпан айының екінші жартысында белгілі болды. Оның алдында, 2023 жылдың екінші жартысынан бастап әлеуетті инвесторлар ретінде Қатар мен Грузия бизнесмендері аталды. Еуропалық қайта құру және даму банкі де қызығушылық танытты. Біздің банкті сатып алудан үміттілердің арасынан топ жарып шыққан «Lesha Bank» та осал емес. 2008 жылы құрылған. Бұрын «Qatar First Bank» брендімен жұмыс істеген. «Lesha Bank» инвестициялық банкі бизнестің түрлі саласына – медицина, бөлшек сауда, мұнай-газ секторына инвестиция құйған.

Банк • 06 Наурыз, 2024

Банк секторының басымдықтары

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде реттеуші 2023 жылдың қорытындысын шығарды, қадағалау саясатының басымдықтарын, сондай-ақ банк секторын дамытудың 2024 жылға арналған негізгі бағыттарын ұсынды.

Қаржы • 01 Наурыз, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендеді

Ұлттық банк (ҰБ) базалық пайыздық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұған жылдық инфля­цияның үш ай қатарынан баяулауы, әлемдік азық-түлік баға­сының төмендеуі және сыртқы инфляция динамикасы себеп болған.

Қаржы • 28 Ақпан, 2024

Үкілі үштік: Үміт пен күдік

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында банк секторындағы негізгі мәселелердің бірі жоғары шоғырлану екенін атап өткен еді. «Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек» деді. Содан бері 5 ай өтті.

Банк • 22 Ақпан, 2024

Банктер қаржылық тұрғыдан орнықты

2023 жылы тұрақты AQR (активтер сапасын бақылау) және ҚСТ (қадағалап стресс-тестілеу) банктердің жалпы қаржылық орнықтылығын растады. 2022 жылы бағалауға 10 банк, 2023 жылы активтері банк секторы активтерінің 84%-ын құрайтын 11 банк енгізілді. 11 банктің несие портфелі банк секторы несие портфелінің 85%-ын құрады.

Соңғы жаңалықтар

Жазғы демалыстың жайы

Балалар • Бүгін, 09:28

Тариф және талап

Энергетика • Бүгін, 09:05

Дала төсіндегі дүбір

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Фото