# Олимпиада

Олимпиада • Бүгін, 07:15

Армандары – Олимпиада

Төрткүл дүние тағатсыздана күткен, төрт жылда бір келетін дүбірлі дода жақындап келеді. Биыл Парижде жалауы желбірейтін Олимпиаданың жолдамалары әлі де сарапқа салынып жатыр. Дәл қазір Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде 51 жолдама бар.

Олимпиада • 26 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: меже – 80 жолдама

Еліміздің спортшылары тәуел­сіздіктен бері жазғы Олимпия ойындарына осымен сегізінші мәрте ат байлайды. Батыс Еуропаның баурайында, Парижде өтетін доданың да дүбірі таяп келеді. Бұған жолдама үлес­тірер лицензиялық сайыстар да сиреп жатыр. Бүгінге дейін спортшыларымыздың ен­шісінде бірнеше спорт түрінен олжалаған 43 жолдама бар. Ендігі қайратымыз қандай болмақ? Олимпиада басталғанға дейін де лицензия берілетін іріктеу додалары өтеді. Демек, әлі де жолдама санын еселеудің мүмкіндігі туады.

Олимпиада • 28 Наурыз, 2024

Құрама еншісінде – 31 жолдама

Франция астанасы Парижде алауы тұта­натын жаз­ғы Олимпия ойын­дарының басталуына санаулы күндер қалды. Төрткүл дү­ние тағатсыздана күт­кен, төрт жылда бір ке­летін ең дү­бірлі дода би­ыл 26 шілде мен 11 та­мыз ара­лығында өтеді.

Олимпиада • 26 Ақпан, 2024

Қысқы Азиада Харбинде өтеді

Штаб-пәтері Кувейтте орналасқан Азияның Олимпиадалық кеңесі (АОК) кезекті IX қысқы Азия ойындарының алауы Қытайдың Харбин қаласында тұтанатынын ресми түрде жария етті. Аталған жарыс 2025 жылдың 7 ақпаны мен 14 наурызы аралығында өтеді. Қытайлар өте пысық халық қой. АОК-тың шешімі шықпай тұрып-ақ олар Азиаданың бойтұмары, эмблемасы және ұранын бекітіп те үлгерген екен.

Олимпиада • 23 Ақпан, 2024

Альбервиль Олимпиадасына – 34 жыл

Осыдан дәл 34 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 23 ақпанында Францияның Альбервиль қаласында XVI қысқы Олимпия ойындары аяқталды.

Олимпиада • 21 Ақпан, 2024

Нагано Олимпиадасына – 26 жыл

Осыдан дәл 16 жыл бұрын, яғни 1998 жылдың 21 ақпанында Жапонияның Нагано қаласында XVIII қысқы Олимпия ойындарының алауы сөнді.

Олимпиада • 16 Ақпан, 2024

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпаздарына Президенттің алғыс хаты табысталды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада • 12 Ақпан, 2024

Бәсі биік олимпиада

Астана қаласында биология пәні бойынша 35-халықаралық IBO-2024 (International Biology Olympiad) олимпиадасы өтеді. Шілденің 7-14 аралығында өтетін бұл додаға әлемнің 80-нен астам елінен 350-ге жуық оқушы қатысады. Мұндай беделді олимпиаданың Қазақстанда өтуі – кездейсоқ таңдау емес.

Олимпиада • 04 Ақпан, 2024

Канвон: 1 алтын, 2 қола

2 ақпанда Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлері­нен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19 қаңтарда басталған бәсекеге 78 елден 1 803 атлет қатысты. 32 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Жазғы демалыстың жайы

Балалар • Бүгін, 09:28

Тариф және талап

Энергетика • Бүгін, 09:05

Дала төсіндегі дүбір

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Фото