# Қоғам

Қоғам • Бүгін, 10:07

Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • Бүгін, 09:41

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті

Абзал Әбдікәрімов Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Қоғам • Бүгін, 09:10

Зейнетақыны уақтылы ресімдеудің маңызы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары бар, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.

Қоғам • Кеше

Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр

Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.

Қоғам • Кеше

Жыл басынан бері Таразда 37 алаяқтық фактісі тіркелді

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Шохан Әлжанов облыста жалпы алаяқтық фактілері 15,9 пайызға, дәлірек айтқанда 353-тен 297-ге дейін азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • Кеше

Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ жалғастыру керек - Д.Қыдырәлі

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың да ауызбіршілігі шарт екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • Кеше

14 өңірде негізгі ҰБТ басталды

Еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 өңірде ҰБТ 25 мамырда басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • Кеше

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы қылмыскер Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • Кеше

Қорғансызға қамқорлық

Тәуелсіздіктің алғашқы елең-алаңында жетім балаларды «жылату» етек алып, естен тандыра жаздады. Оған 1998 жылы қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңдағы олқылықтар да себепкер болғаны рас. Кейін заң түзелді. Бірақ жетімдер мәселесі толық шешілді деу қиын. Осыны дұрыс жолға қоюды мемлекет кейінгі уақытта қолға ала бастады.Мұның айқын дәлелі Тәлімгерлік институтын дамыту дер едік.

Соңғы жаңалықтар

Жазғы демалыстың жайы

Балалар • Бүгін, 09:28

Тариф және талап

Энергетика • Бүгін, 09:05

Дала төсіндегі дүбір

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Табиғи сүттен – сапалы өнім

Өндіріс • Бүгін, 08:35

Фото